Метеорология саласындағы бірлескен курстар сәтті аяқталды
.jpg)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған метеорология саласына арналған курстар өз мәресіне жетті.
Бағдарлама барысында тыңдаушылар метеорологиялық бақылауларды жүргізу, заманауи өлшеу құралдарын пайдалану, деректерді талдау және ауа райы болжамының ғылыми негіздері бойынша терең білім алды. Сонымен қатар, курстар әскери қызметтің ерекшеліктеріне сәйкес бейімделіп, практикалық жаттығулармен толықтырылды.
Курсты табысты аяқтаған тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Бұл шара университет пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы тиімді әріптестікті нығайтып қана қоймай, метеорология саласында білікті мамандар даярлауға зор үлес қосты.
Басқа жаңалықтар
.jpg)
.jpg)