
2025 жылғы 30 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік қалашығында Студенттік қалашық әкімшілігінің мамандарымен Жоғары студенттер кеңес ұйымының кезекті жиналысы болып өтті. Жиынға студенттік қалашық әкімшілігінің мамандары мен Жоғары студенттер кеңес ұйымының белсенді студенттері қатысты.
Жиналыс барысында алдағы оқу жылының маңызды жобалары мен іс-шаралары талқыланып, студенттердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ оқу процесіндегі жауапкершіліктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу мүмкіндіктері мен өз бастамаларын жүзеге асыру жолдары қарастырылды. Студенттер арасында ынтымақтастықты нығайту және жауапкершілік деңгейін көтеру мәселелері де сөз болды.
Бұл кездесу студенттердің университеттегі өмірге тезірек үйреніп, көшбасшылық қабілеттерін дамытып, оқу жылы бойы бірге тиімді жұмыс жасауына септігін тигізеді.
Басқа жаңалықтар


