ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Farabi University

ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

5 қазан, 2025

Құрметті мұғалімдер, ардақты ұстаздар қауымы!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиында: «Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді. Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын болары хақ. Себебі әр мұғалімнің еңбегі ерен, еліміздің дамуына қосқан үлесі орасан», – деп атап өтті.

Білім мен тәрбиені ұштастырып, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктелген.

«Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады», – деген ұлы Абай ұлағатын өмірлік ұстанымға айналдырған ұстаздар қауымы қандай құрметке де лайық.

Жаңа, әділетті Қазақстанның білімді болашағын қалыптастыру жолындағы игі бастамаларыңыз жемісті болсын.

Құрметпен,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ