Farabi Бизнес мектебінің даму стратегиясы жаңартылдыFarabi University

Farabi Бизнес мектебінің даму стратегиясы жаңартылды

6 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бизнес-мектебінің делегациясы әлемдік білім беру қауымдастығының екі маңызды іс-шарасына қатысты – AMBA & BGA Programme Excellence Conference 2025 және AMBA & BGA Accreditation Conference 2025, олар Польшадағы Краков қаласында өтті.

Бұл конференциялар әлемнің жетекші бизнес-мектептері, оқытушылары мен сарапшыларын біріктіріп, тәжірибе алмасу, инновациялық оқыту әдістері мен бизнес-білім беру саласындағы соңғы трендтерді талқылау алаңы болды.

Конференция бағдарламасына білімнің болашағы, инновациялық оқыту әдістері және тұрақты тәжірибелерді интеграциялау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар білім беру бағдарламаларында жасанды интеллектінің этикалық қолданылуы бойынша панельдік пікірталастар өтті және жаңа буын студенттері үшін оқу бағдарламаларын тартымды ету мәселелері қаралды.

Конференцияларға қатысумен қатар, Farabi бизнес мектебі делегациясы Швейцарияның ірі академиялық орталығы – Невшательдегі Haute École de gestion Arc (HEG Arc) серіктестерімен келіссөз жүргізді. Ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен тағылымдамалар мен ғылыми зерттеулерді іске қосу мәселелері талқыланды.

Сонымен бірге сапар аясында Берлиндегі Berlin School of Business and Innovation кампусына (Германия) сапар жасалды – ол AACSB International және BGA (Бизнес-мектеп түлектері қауымдастығы) мүшесі болып табылады, онда академиялық алмасу және серіктестік мүмкіндіктері талқыланды.

Халықаралық іс-шаралардың қорытындысы бойынша Farabi бизнес мектебі Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші бизнес-мектептер арасындағы орнын нығайтуға бағытталған даму стратегиясын жаңартты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі