Жумадилова Айгерим ЕрболовнаFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жумадилова Айгерим Ерболовнаның «Ұлттық сананың жаңғыруы: Мысыр, Алжир, Палестина мысалында араб әдебиетінде (2000 ж. бастап) жаңа сәйкестік пен тақырыптаманы іздеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Ананьева Светлана Викторовна – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Халықаралық қатынастар және әлем әдебиеті бөлімінің меңгерушісі (ҚР ҒЖБМ ҒК). Мамандығы: 10.01.04 – Қазақстан халықтарының әдебиеті;

2.  Асқарова Гаухар Сарыбайқызы – филология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академик С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оны оқыту әдістемесі кафедрасының доцент м.а. (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 10.01.02 – қазақ әдебиеті.

 

Ғылыми жетекшілер:

  1. Көптілеуова Дина Тұрғалиевна – филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Умар Рияд – PhD, Лёвен католик университетінің профессоры (Лёвен қ., Бельгия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Эврим Олчер – Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің профессоры (Анкара қ., Түркия).
  2. Айтымбетов Нұркен Ысқақұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
  3. Төлеубаева Самал Абайқызы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры (Астана қ., Қазақстан);

Қорғау 2025 жылдың 13 қарашасында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020900, 8D02209 – Шығыстану» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта, келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050012, Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 95, Шығыстану факультеті.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/96984548396?pwd=KJbcEwgVLIVbr18KTaN1LdScSrNVxn.1        

Конференция идентификаторы: 969 8454 8396

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы