Ғылыми басылымдардың сапасын арттыру

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылым және инновациялық қызмет департаменті университеттің ғылыми журналдарының редакторларымен жұмыс жиналысын өткізді.
Жиында ҚазҰУ ғылыми басылымдарының сапасын арттыру, халықаралық ғылыми кеңістікке ілгерілету стратегияларын талқылау және редакциялық ұжымдардың еңбегін ынталандыру шараларын қарастыру мәселелері талқыланды.
Кездесуде университет басшылығы тарапынан ғылыми журналдардың редакторларының жалақысы арттырылғаны хабарланды. Бұл шешім редакциялық еңбекті жоғары бағалау мен журналдардың сапасын одан әрі көтеруге бағытталған.
Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 26 ғылыми журнал жарық көреді. Олардың бірқатары Scopus және Web of Science сияқты халықаралық деректер базаларына енген. Жиналыста осындай журналдардың процентиль деңгейін көтеру, редакциялық саясатты жетілдіру, импакт-факторды арттыру, сондай-ақ DOAJ және басқа да халықаралық индекстерге жаңа журналдарды енгізу жоспары егжей-тегжейлі талқыланды.
Сонымен қатар қатысушылар редакциялық процестерде туындап отырған өзекті мәселелерді ортаға салып, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынды. Атап айтқанда рецензенттік сапаны арттыру, мақалаларды іріктеу критерийлерін жетілдіру, жарияланымдардың ашықтығы мен академиялық адалдықты қамтамасыз ету бағытындағы ұсыныстар қаралды.
Жиналыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты шешімдер қабылданып, жауапты тұлғалар мен мерзімдер бекітілді. Ғылым және инновациялық қызмет департаменті алдағы уақытта ғылыми журналдарды халықаралық деңгейде танымал ету және университеттің ғылыми беделін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.
ҚазҰУ ғылыми журналдарымен төмендегі сілтемелер арқылы танысуға болады:
№ |
Журналдың атауы |
Сілтеме |
Жауапты редактор |
1 |
International Journal of Biology and Chemistry |
Хим. - Агибаева Лаура (+7 701 326 8402) Био. - Оразова Салтанат Болатовна (+7 705 228 4649) |
|
2 |
International Journal of Mathematics and Physics |
Сарсембаева Айганым (+7 701 127 9585) (+7 701 293 8321) |
|
3 |
Physical Sciences and Technology |
Мұсабек Гауһар +7 777 677 8763 |
|
4 |
Farabi Journal of Social Sciences |
Асыл-Кеней Сымбат Жанатқызы +7 702 555 06 59 |
|
5 |
interdisciplinary Approaches to Medicine |
Капанова Гульнар +7 777 221 0090 |
|
6 |
Journal of problems in computer science and information technologies |
Нурахов Едиль |
|
7 |
Биология сериясы |
Шокатаева Дина +7 702 715 8111 |
|
8 |
Химия сериясы |
Бакайкина Надежда +7 702 408 2240 |
|
9 |
Физика сериясы |
Иманбаева Ақмарал Каримовна |
|
10 |
Математика, механика, информатика сериясы |
Шәкір Айдос +7 775 528 0175 |
|
11 |
География сериясы |
Қайранбаева Гаухар |
|
12 |
Экология сериясы |
Омирбекова Анель |
|
13 |
Тарих сериясы |
Гүлмира Салимжановна Султангалиева |
|
14 |
Дінтану сериясы |
Байжума Самет +7 700 789 0987 |
|
15 |
Шығыстану сериясы |
Тұрар Айдана +7 778 527 3341 |
|
16 |
Экономика сериясы |
Иляшова Гулия Кенжебековна +7 701 727 6779 |
|
17 |
Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы |
International relations and international law Journalx.php/1-mo |
Гульнар Серикбаевна Байкушикова |
18 |
Философия, саясаттану, мәдениеттану сериясы |
Айгерим Кабдолланова |
|
19 |
Заң сериясы |
Сманова Акмарал |
|
20 |
Филология сериясы |
Алдашева Қамар +7 701 560 8798 |
|
21 |
Журналистика сериясы |
Дудинова Елена Ивановна |
|
22 |
Педагогикалық ғылымдар сериясы |
Кудайбергенова Алия Маликовна +7 701 264 4898 |
|
23 |
Психология және социология сериясы |
Адилова Эльнур +7 747 631 8311 |
|
24 |
Ашық жүйелер эволюциясы мәселелері журналы |
Құралай Еркенқызы +7 707 828 9010 |
|
25 |
Новые исследования Тувы |
Аманжолова Джемма Болатовна |
|
26 |
Global Synergy |
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


