
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар және әріптестер!
2025 жыл – адамзат өркениетінің ұлы тұлғасы, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толатын тарихи кезең. Бұл мерейтой – рухани мұра мен ғылыми-философиялық даналықтың жаңа дәуірде қайта жаңғыруының айғағы.
Әл-Фараби – адамзат мәдениетінің темірқазығы, әлемдік өркениет кеңістігінде ақыл мен парасаттың, ізгілік пен білімнің нұр шамшырағын жаққан ұлы ойшыл. Оның философиялық терең ойлары, логикалық талдауы, этикалық қағидаттары мен ғылымға деген көзқарасы ғасырлар өтсе де өз мәнін жоймай, бүгінгі ХХІ ғасырдың цифрлық дәуірінде жаңа қырынан танылып отыр.
Осыған орай, «Әл-Фараби апталығы» – ұлы ғалымның 1155 жылдық мерейтойына арналған, оның рухани даналығын, философиялық терең ойларын, ғылым мен парасатқа негізделген ілімін бүгінгі цифрлық өркениеттің инновацияларымен сабақтастыратын ауқымды жоба.
Бұл апталық – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұлы ұстаз есімін мақтанышпен иеленіп қана қоймай, оның ғылыми-инновациялық әлеуетін, зияткерлік миссиясын және гуманистік құндылықтарға негізделген даму бағдарын паш ететін ерекше рухани-ғылыми мереке.
«Әл-Фараби апталығы» – дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысқан алаңы, рух пен технологияның үндескен кеңістігі, өткеннің даналығы мен болашақтың бағытын біріктірген символикалық платформа.
Бұл апталықта ұлы ойшылдың идеялары заманауи ғылым мен Жасанды интеллекттің философиялық мәнімен тоғысып, жаңа буынға ізгілікке негізделген саналы қоғам құрудың жолын айқындайды.
1. Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 3-8 қараша
2. Өткізу орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті факультеттер, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар
3. Апталықтың өзектілігі:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – ұлы ойшылдың есімін мақтанышпен иеленген еліміздің басты зияткерлік және рухани орталығы. Бұл апталықтың ерекшелігі – әл-Фарабидің даналық идеяларын қазіргі заманның ғылыми-инновациялық дамуымен ұштастыра отырып, гуманистік және интеллектуалды қоғам құруға үлес қосу.
Апталықтың мақсаты:
- Әл-Фарабидің 1155 жылдығын атап өту арқылы оның ғылыми мұрасын кеңінен насихаттау;
- Әл-Фараби идеяларын ЖИ дәуіріндегі гуманистік бағдармен байланыстыру;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми және инновациялық миссиясын көрсету;
- Университеттің әлемдік зерттеу университеті ретіндегі беделін нығайту.
Апталық тілі: қазақ, орыс, ағылшын
№ |
Іс-шара түрі |
Тақырып / Мазмұны |
Жауапты тұлғалар |
Мерзімі |
Күтілетін нәтиже |
1 |
Ғылыми жоба |
«Әл-Фараби идеялары және ЖИ дәуіріндегі өзектілік»
|
Факультет деканы |
5 қараша, 2025 жыл |
Болашақ стартап жобалар |
2 |
Ғылыми дөңгелек үстел / семинар |
Фарабитанушылармен кездесу |
Факультет деканы |
4-7 қараша, 2025 жыл |
Ғылыми-инновациялық имидж |
3 |
Ғылыми эссе
|
«Фарабидің даналығы және болашақ технологиялар» |
Факультет деканы |
5 қараша, 2025 жыл |
Ғылыми тіл мен академиялық стиль |
4 |
Инфографика / постер
|
Фараби идеяларын заманауи тілмен көрсету |
Факультет деканы |
6 қараша, 2025 жыл |
Инфографика / постер |
5 |
ЖИ және Әл-Фараби |
ЖИ көмегімен жасалған әл-Фараби бейнесі және сөзі
|
Факультет деканы |
6 қараша, 2025 жыл |
Әл-Фараби мұрасының жаңа форматтағы видеосы |
«Әл-Фараби апталығы» аясында өткізілетін барлық іс-шаралар факультеттер деңгейінде жүзеге асырылады. Апталық аяқталған соң әр факультет келесі бағыттар бойынша ең үздік жұмыстарды анықтайды:
- Ең үздік ғылыми жоба - 1, 2, 3-орындар;
- Ең үздік шығармашылық жұмыс (эссе) - 1, 2, 3-орындар;
- Ең үздік инфографика / постер - 1, 2, 3-орындар;
- Ең үздік видео - 1, 2, 3-орындар.
Факультет деңгейінде іріктелген үздік жұмыстар апталықтың қорытындысы бойынша Әл-Фараби орталығына ресми түрде жолданады. Орталық университет деңгейінде ең үздік жеңімпаздарды анықтап, арнайы сыйлықтармен марапаттайды.
Ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Әл-Фараби» орталығы.
Байланыс ақпараты:
8 (727) 377 33 30 (13-97), Әл-Фарби орталығы;
Жауапты тұлға: Сулейменов Пірімбек,тел.87078346621
Жолмухамедова Наиля,тел.87074549445
Электрондық пошта: centeralfarabi2025@gmail.com
Мекенжайы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Әл-Фараби» ғылыми кітапханасы
Басқа жаңалықтар

