«Ұстаздың жаңған жүрегі» құттықтау сырттай байқаудың

2025 жылдың 10 қазанында Дүниежүзілік мұғалімдер күніне арналған «Ұстаздың жаңған жүрегі» құттықтау сырттай байқаудың қорытындысы шығарылды.
Іс-шараның ұйымдастырушылары - Eurasian Scientific and Methodological Journal “East-West” for master and doctoral students, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті (педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бегалиева С.Б., әлеуметтік ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Исалиева С.Т.), Педагогика және психология факультеті және Алматы қ. білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті қолдауымен.
Байқауға Астана, Алматы, Көкшетау, Тараз, Петропавл қалалары және т.б. жоғары оқу орындарының студенттер және мектеп оқушылары қатысты. Қазылар алқасына мұғалімдер мен оқытушылар - «Bilim zhane Bolashak» халықаралық ғылыми - білім беру жобасының мүшелері қатысты.
Байқаудың ұйымдастыру комитетіне 80-ден астам өтінім түсті, қатысушылар құттықтауларды суреттер, әлеуметтік желілердегі бейнелер мен жазбалар түрінде ұсынды. Көптеген туындылар шығармашылық көзқарасымен, орындалуымен және қызықты мазмұнымен ерекшеленді.
Түрлі номинациялар бойынша қатысушылар бірінші-үшінші дәрежелі дипломдар мен шығармашылық үшін сертификаттармен марапатталды.
Басқа жаңалықтар

