ҚазҰУ-да студенттік заң клиникасының жетістіктері көрмеде көрсетілді
1 қазан, 2025
2025 жылғы 1 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен Жоғары білім беру қызметкерлері күніне орай көрме өткізілді.
Іс-шара барысында студенттік заң клиникасының қызметі, жеткен жетістіктері және оның жұмыс бағыттары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Көрме қонақтары мен қатысушылар студенттік заң клиникасының атқарып жатқан жұмысына ерекше қызығушылық танытып, оның әлеуметтік маңыздылығын жоғары бағалады.
Басқа жаңалықтар
28 қаңтар, 2026
27 қаңтар, 2026
24 желтоқсан, 2025