Нұрғалиева Жансая Жәнәділқызы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D10101 – Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Нұрғалиева Жансая Жәнәділқызының «Короновирустық инфекциясы бар жүкті әйелдерге медициналық көмекті ұйымдастырудың жай - күйі және оны жақсарту» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультетінің эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Аязбеков Ардак Керимханович – PhD, Х.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Хирургиялық аурулар» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., «№3 облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ МКК басшысы (Түркістан қ., Қазақстан).
Мамандығы: «6D110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау».
2. Марат Айзада Маратқызы – PhD, Астана медицина университеті, №1 Акушерия және гинекология кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан).
Мамандығы: «6D110100 - Медицина».
Ғылыми жетекшілер:
- Глушкова Наталья Егоровна – PhD, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Денсаулық сақтау ғылыми-зерттеу институтының директоры (Алматы қ., Қазақстан).
- Santric Milicevic Milena – PhD, Белград университетінің медицина факультетінің профессоры (Белград қ., Сербия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Ramunė Kalėdienė – PhD, профессор, Литва денсаулық сақтау ғылымдары университетінің қоғамдық денсаулық факультетінің денсаулық сақтау менеджменті кафедрасының меңгерушісі (Каунас қ., Литва).
- Мергенова Гаухар Айдарбековна – м.ғ.к., профессор, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің эпидемиология және АИТВ инфекциясы курсы кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).
- Мирзахметова Динара Досалыевна – PhD, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, репродуктолог, ЭКО бөлімінің меңгерушісі, Private Hospital (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылдың 25 қарашасында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан ашылған «8D10101 (6D110200) – Қоғамдық денсаулық сақтау», «8D10102 (6D110100) – Медицина», «8D10104 (6D110400) – Фармация», «8D10103- Мейіргерлік іс» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде офлайн/онлайн түрде өтеді.
Zoom сілтемесі:
https://zoom.us/j/91238656104?pwd=lwdDhWqoHed2IwtRMSigsSTl78UIyC.1
Конференция идентификаторы: 912 3865 6104
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Басқа жаңалықтар