Студенттер үйлерінің меңгерушілерімен кезекті жиналыс
20 қазан, 2025
20.10.2025 ж. Апталық жұмыс жоспарына сәйкес студенттік қалашық қызметкерлері және студенттер үйінің меңгерушілерімен кезекті жиын өткізілді. Жиынның мақсаты – жатақханалардағы ішкі тәртіпті және санитарлық-гигиеналық жағдайды сақтау, техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және студенттердің тұрмыс-тіршілігін бақылау болды. Сонымен қатар, өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын қарастыру, алдағы қысқы маусымға дайындық барысын пысықтау және студенттердің бөлмелерін қабылдау тәртібі де назарға алынды.

