Нурымбетов Едил ШаяхметовичFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D03101 – Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Нурымбетов Едил Шаяхметовичтың «Мұғалімнің әлеуметтік-кәсіби идентификациясы: әлеуметтанулық талдау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Амитов Султанкожа Абдукадырович  – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған        профессоры  (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 22.00.04 – әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және процестер;
  2. Маульшариф Мира – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, NARXOZ Университеті, Гуманитарлық мектебінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 22.00.04 –әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және процестер.

Ғылыми жетекшілер:

  1. Шабденова Айжан Базархановна – PhD, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доцент м.а., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Мадалинска-Михалак Джоанна – әлеуметтік ғылымдар профессоры, Білім беру факультеті, Варшава университеті (Польша);

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Каримова Жанна Каримовна – PhD, Макс Вебер орталығының қауымдастырылған зерттеушісі (Франция);
  2. Отар Эльмира Сәкенқызы – PhD, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы «Әлеуметтану» кафедрасының доцент м.а. (Астана қ., Қазақстан);
  3. Трегубова Наталья Дамировна – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Салыстырмалы социология кафедрасының доценті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы).

 

Қорғау 2025 жылдың 28 қараша күні сағат 14:30 уақытында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті ғимаратының 123 мәжіліс залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған «6D050100, 8D03101 – Әлеуметтану»; «6D050200, 8D03104 – Саясаттану»; «6D090500, 8D11401 – Әлеуметтік жұмыс», «6D012300, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300, 8D03107 – Психология», «6D010300, 8D01101 – Педагогика және психология», «8D03103 – Конфликтология» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

 

Zoom конференциясына қосылу: https://zoom.us/j/91560008018?pwd=v4RbyBT73qAHzmxtYzh8eI5IhkI9Ji.1

Идентификаторы: 915 6000 8018

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы