ТДМ-4: «Құлагер» қойылымы – нағыз өнер туындысыFarabi University

ТДМ-4: «Құлагер» қойылымы – нағыз өнер туындысы

25 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және Бизнес жоғары мектебі, Физика-техникалық факультеті, Философия және саясаттану факультеті, Ақпараттық техологиялар мен Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеттері біріге отырып, 2025 жылдың 25 қазанында мәдени-рухани құндылықтарды арттыру және өнерге деген қызығушылықтарын кеңейту мақсатында Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына арнайы барып, қазақ өнерінің көрнекті туындысы – «Құлагер» қойылымын тамашалады.

«Құлагер» қойылымы — қазақ халқының рухын, ұлттық болмысын және мықтылығын айшықтайтын көркем туынды. Бұл спектакль қазақты қазақ етіп танытатын бірден-бір өнер туындысы болып саналады.

Қойылымдағы Құлагер бейнесі — еркіндіктің, намыстың, адалдық пен қайсарлықтың символы. Ол халықтың рухани биігін, мінез-құлқының беріктігін, ұрпаққа жеткізілетін мәдени құндылықтарын шынайы көрсетеді. Құлагердің бейнесі арқылы көрермен қазақтың қайғысын, қуанышын және ұлттық бірлігін сезінеді.

Спектакль барысында актерлердің шынайы ойыны мен режиссердің көркемдік шешімдері ұлттық өнер мен заманауи театр элементтерін шебер ұштастырып, көрерменге ерекше әсер қалдырады.

«Құлагер» — тек өнер туындысы емес, бұл халықтың рухани тамыры мен мәңгілік құндылықтарын дәріптейтін символдық қойылым. Ол әрбір көрерменнің жүрегінде қазақты қазақ етіп танытатын рухани әсер мен терең ой қалдырады. Қойылым көрермендерді рухтандырады, ұлттық мақтаныш сезімін оятады және мәдени құндылықтарды сақтау мен ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын көрсетеді. Осы себептен «Құлагер» — қазақ театры мен мәдениетінің алтын қазынасы деп айтуға толық негіз бар.