Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев македониялық «Видение» халықаралық университетінің ректоры Ахмет Веджди Джанмен кездесті.
Жүздесуде тараптар ынтымақтастықты дамытуға келісіп, бірқатар ұсыныстарды ортаға салды.

Жансейіт Түймебаев құрметті қонаққа ҚазҰУ-дың жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат беріп, оқу ордасының ғылыми инфрақұрылымымен таныстырды. Ректор өз сөзінде гуманитарлық, ІТ, физика және химия салалары бойынша әріптестік байланысты арттыруға мүдделі екенін жеткізді.

Өз кезегінде Ахмет Веджди Джан университет жетістіктерін жоғары бағалап, алдағы уақытта қос тараптың да ынтымақтастықта жұмыс істейтініне сенім білдірді.

Кездесуден соң құрметті мейман ҚазҰУ музейін, Жағдаяттық басқару орталығын аралап, қызметімен танысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар