ТДМ №3: ҚазҰУ қалашығында қолжетімді тамақ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің тиімді әрі сапалы тамақтануына барлық жағдай жасалған. Қалашық аумағында студенттерге арналған асханалар мен буфеттер күн сайын қолжетімді бағада тағамдар ұсынады. Мұнда студенттерге таңғы, түскі және кешкі ас ішуге барлық жағдай жасалған.
Асханаларда дәстүрлі қазақ тағамдарынан бастап, жеңіл әрі пайдалы ас түрлеріне дейін кең таңдау бар. Олардың сапасы мен тазалығы үнемі қадағаланады. Бағалар студенттердің қалтасына сай белгіленіп, кез келген студент дәмді әрі пайдалы тағаммен тамақтана алады. Сонымен қатар, арнайы диеталық және вегетариандық мәзір де қарастырылған.
Барлық тамақтану орындары санитарлық-гигиеналық талаптарға толық сай және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әр тағамның сапасы мен қауіпсіздігі тұрақты бақылауда болады.
ҚазҰУ басшылығы студенттердің дұрыс тамақтануын, денсаулығы мен жайлылығын басты назарда ұстай отырып, қалашықтағы асханаларды барынша қолжетімді әрі жайлы етуге күш салып келеді. Бұл – университеттің студенттерге қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырудағы маңызды бағыттарының бірі.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

Басқа жаңалықтар