Кенжеғалиева Әлия РухуллақызыFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Кенжеғалиева Әлия Рухуллақызының «8D07113 – «Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша «Мұнай битумдарын наноматериалдармен түрлендіру» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химиялық физика және материалтану кафедрасында орындалды.

Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми сарапшылар:

1. Кудайбергенова Рабига Мусапаровна – философия докторы (PhD), М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., Тараз, Қазақстан.

2. Сарсенбекулы Бауыржан философия докторы (PhD),  Қазақстан-Британ техникалық университетінің  «Энергетика және мұнай-газ индустриясы»  мектебінің қауымдастырылған профессоры, Алматы, Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Оңғарбаев Ердос Калимуллаұлы – химия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Алматы, Қазақстан

2. Cesere Oliviero Rossi – философия докторы (PhD), Калабрия университетінің химия және химиялық технология кафедрасының профессоры, Ренде, Италия.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Селенова Багадат Саматовна – химия ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры, Алматы, Қазақстан.

2. Keng Chung – философия докторы (PhD),  Шаньдун мұнай химиялық технология институты, Шаньдун,  Қытай.

3. Машенцева Анастасия Александровна – философия докторы (PhD), профессор, Ядролық физика институтының тректік мембраналар технологиялар зертханасының меңгерушісі, Астана, Қазақстан.

Қорғау 2025 жылдың 5 желтоқсанында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D074000/8D07113 – Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар», «6D073400/8D07103 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық заттардың химиялық технологиясы», «6D074000/8D07112 – Наноматериалдар мен нанотехнологиялар», мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультетінің 2 қабатында орналасқан Е.Ергожин атындағы Ғылыми Кеңес мәжілісінің залы өтеді.

Zoom конференциясына қосылу

https://zoom.us/j/92467831868?pwd=Efh5cKH6Xq935MXYQa46xSrx1wMfum.1

Конференция идентификаторы: 924 6783 1868

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы