- Басты бет
- Заң клиникасы
- Студенттік заң клиникасының өкілдері «Халық заңгері – 2025» республикалық әлеуметтік акциясына қатысты
Студенттік заң клиникасының өкілдері «Халық заңгері – 2025» республикалық әлеуметтік акциясына қатысты
2025 жылғы 31 қазанда Алматы қаласында Оқушылар сарайында халыққа тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған «Халық заңгері – 2025» республикалық әлеуметтік акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, халыққа тегін заң кеңесін беру, сонымен қатар заңгер мамандығының әлеуметтік жауапкершілігін насихаттау болды.
Іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің басшылығы, сондай-ақ кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының жанында құрылған студенттік заң клиникасының өкілдері, атап айтқанда, заң факультетінің деканы, з.ғ.к., профессор Ахатов Уалихан Ақыпбекұлы, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Куаналиева Гульдана Амангельдиевна, студенттік заң клиникасының директоры, з.ғ.д., профессор Байдельдинов Даулет Лаикович, студенттік заң клиникасының директорының орынбасары Бакиров Дархан Абдиманапұлы, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушы Жапаков Сабыржан Малиұлы қатысты.
Шара барысында азаматтар еңбек, тұрғын үй, әлеуметтік қамсыздандыру, кәсіпкерлік, жер және азаматтық құқық салаларындағы мәселелер бойынша кәсіби кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері, тәжірибелі адвокаттар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері ұсынды.