Бокыбаев Нурбакыт Абдыгалиевич
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D020400 – Мәдениеттану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Бокыбаев Нурбакыт Абдыгалиевичтің «Цирк қазіргі мәдениет перфомансы ретінде» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Кусаинов Дауренбек Умербекович, философия ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан) 09.00.13 – дінтану, философиялық антропология және мәдениет философиясы.
2. Затов Кайрат Айтбекович – философия ғылымдарының докторы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің дінтану кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 24.00.01 – мәдениет теориясы мен тарихы.
Ғылыми жетекшілер:
- Омирбекова Алия Омирбековна – философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
- Махмуд Масаели (Mahmoud Masaeli) – философия докторы (PhD), Оттава университетінің профессоры, Global Think Tank: Alternative Perspectives and Global Concerns ғылыми орталығының директоры (Оттава, Канада).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Сағиқызы Аяжан – философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).
- Наурзбаева Альмира Бекетовна – философия ғылымдарының докторы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
- Кожамжарова Майра Жанайдаровна – философия ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор (Павлодар қ., Қазақстан).
Қорғау күнін 2025 жылдың 4 желтоқсанда сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасы 303 аудиторияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020600, 8D02203 – Дінтану», «6D021500, 8D02204 – Исламтану», «6D020400, 8D03102 – Мәдениеттану», «6D020100, 8D02202 – Философия», «8D02201 – Саяси философия» мамандықтар / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн/офлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/94449169478?pwd=jeaKvsdsMBzxNzbcffCkURdtiV3Ry7.1
Конференция идентификаторы: 944 4916 9478
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Басқа жаңалықтар