- Басты бет
- Ғылым
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайынғы Ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс жариялайды
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайынғы Ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс жариялайды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс (бұдан әрі - Конкурс) жариялайды:
· жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
· гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлық;
· педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшiн Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
· түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;
· жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық;
· гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;
75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде қырық жасты қоса алғанда талантты жас ғалымдар үшін 50 мемлекеттік ғылыми стипендия.
Ғылым саласындағы сыйлықақылар алуға арналған конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады:
1) монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, шолулар, патенттер, авторлық куәліктер түріндегі ғылыми жұмыс (бестен аспауы тиіс);
2) жұмыстың мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен одан әрі пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (баспа бетінің жартысынан аспайтын);
3) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді;
4) сыйлықақы алуға үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтама;
5) сыйлықақы алуға үміткердің шығармашылық үлесін көрсете отырып, оның ғылыми қызметінің қысқаша сипаттамасы (ұжымдық жұмыстар үшін);
6) конкурсқа ұсынылған жұмыстың бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықақыларға ие болмағанын куәландыратын жұмысты ұсынған ұйымнан анықтама;
7) енгізу актісінің көшірмесі (бар болған жағдайда);
8) қолданыстағы жиырма таңбалы карталық шот туралы хабарлама.
Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады:
1) ұйымның консультативтік-кеңесші органының дәлелді өтінішхаты (ұсынымы);
2) мемлекеттік ғылыми стипендия алуға үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтама;
3) мемлекеттік ғылыми стипендия алуға үміткердің соңғы бес жылдағы ғылыми жарияланымдарының тізімі, сондай-ақ олардың ең маңыздыларының (бестен аспайтын) баспа-таңбасы;
4) енгізу актісінің көшірмесі (бар болса);
5) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылықты растайтын құжаттар (бар болса, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді)
6) Қазақстан Республикасында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор (бар болса, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді);
7) халықаралық ынтымақтастықты растайтын құжаттар (бар болса, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендия ізденушілер үшін ғана);
8) қолданыстағы жиырма сандық карталық шоты туралы хабарлама.
Негіздеме: Ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 389 бұйрығымен бекітілген.
Университет факультеттері байқауға қатысуға ұсынылған кандидатуралар туралы қазан айында өткен Ғылыми кеңестің шешімдерін 2025 жылдың 10 қарашасына дейін ректорат ғимаратында 10-03 кабинетіне (қағаз түрінде) өткізуі қажет.
Байланыс телефоны: 8 (727) 377-33-33, ішкі нөмір 11-62
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың үлгісі төмендегі сілтемелер арқылы ұсынылған: