ҚазҰУ – QS «Learning Experience Champions» марапатын алдыFarabi University

ҚазҰУ – QS «Learning Experience Champions» марапатын алды

5 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Learning Experience Champions» марапатына ие болды. Жоғары марапат Сеул қаласында өткен «QS Higher Ed Summit: Asia Pacific 2025» саммиті аясында өткен «QS Asia University Rankings Awards» рәсімінде тапсырылды.

Биыл бұл атаққа Азияның үш жоғары оқу орны ие болған болатын. Олар: Гонконг қалалық университеті, Қытайдың Цинхуа университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Айта кетейік Гонконг қалалық университеті мен Цинхуа университеті QS Asia University Rankings 2026 нұсқасы бойынша Азияның топ-10 университетінің қатарына енеді. Бұл – ҚазҰУ-дың да осы деңгейде мойындалуының маңыздылығын айқын көрсетеді.

Бұл білім беру сапасын арттыру, студенттерге қолайлы және академиялық ортаны дамыту және заманауи оқу үдерісін қалыптастыру бағытында жоғары нәтижеге қол жеткізген жоғары оқу орындарына беріледі.

«Learning Experience Champions» марапаты ҚазҰУ-дың Азиядағы оқыту сапасы, студенттерді академиялық қолдау және білім алу тәжірибесін дамыту бойынша көшбасшы университеттердің бірі екенін дәлелдейді. Оқу ордасы инновациялық оқыту әдістерін жүйелі түрде енгізіп, халықаралық серіктестік пен академиялық ұтқырлықты күшейтіп, әлемдік жоғары білім стандарттарын белсенді түрде интеграциялап келеді.

Аталған марапат ҚазҰУ-дың халықаралық беделін нығайтып, Қазақстанның жаһандық білім беру кеңістігіндегі орнын одан әрі күшейтеді.

Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі