ҚазҰУ – Орталық Азиядағы көшбасшы университет
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS Asia University Rankings 2026 беделді халықаралық рейтингінде 38-орынға ие болып, Орталық Азиядағы жетекші университет мәртебесін тағы да растады.
Биыл QS Quacquarelli Symonds агенттігі рейтинг тарихындағы ең ауқымды нәтижелерін жариялады: рейтингке 25 елден 1529 университет, оның ішінде Орталық Азияның 73 жоғары оқу орны енді (https://www.topuniversities.com/asia-university-rankings).
Қазақстан өз көрсеткіштерін айтарлықтай нығайтып, рейтингке енген университеттер санын 35-тен 44-ке дейін арттырды. Солардың ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аймақтық көшбасшылығын сақтап қалып, Орталық Азиядан үздік 40 азиялық университет қатарына енген жалғыз жоғары оқу орны атанды.
ҚазҰУ-дың жоғары нәтижесі QS рейтингінің 11 негізгі көрсеткішінің алтауы бойынша мықты позицияларымен қамтамасыз етілді. Олар: академиялық және жұмыс берушілер арасындағы бедел, оқытушы мен студент санының арақатынасы, шетелдік студенттердің үлесі, шетелден келетін студенттер мен шетелге оқуға шығатын студенттер үлесі, ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесі. Бұл көрсеткіштер университеттің тұрақты дамуын, оның ғылыми әлеуетін және жоғары халықаралық танылуын дәлелдеп отыр.
Орталық Азия бойынша үздік 100-дікке тек үш университет енді және олардың барлығы Қазақстаннан: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 38-орын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 61-орын және Satbayev University – 79-орын.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар