ҚазҰУ колледжінде Ұстаздар күні аталып өтті
3 қазан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті. Студенттер концерттік бағдарлама ұсынып, ұстаздар мен колледждің техникалық қызметкерлеріне алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыс етті. Шара жылы атмосферада өтіп, ұстаздар қауымына құрмет көрсетілді.