«Тазалық – денсаулық кепілі» атты жиналыс өтті
10 қараша, 2025
2025 жылғы 10 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттік қалашық мамандарының ұйымдастыруымен «Тазалық – денсаулық кепілі» атты жиналыс өткізілді. Іс-шараға студенттік медициналық орталық қызметкерлері, студенттер үйлерінің меңгерушілері және қала студенттері қатысты.
Жиналыс барысында студенттерге тұмау ауруының белең алуына байланысты оның алдын алу, емдік және профилактикалық шаралар жөнінде маңызды ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға дұрыс қол жуу, жеке гигиена, тұрғын үйде тазалық сақтау және иммунитетті нығайту жолдары туралы кеңестер ұсынылды.



Басқа жаңалықтар
12 қараша, 2025
11 қараша, 2025
10 қараша, 2025