«Тәртіпке бас иген құл болмайды» атты іс-шара өтті
2025 жылғы 4 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен «Тәртіпке бас иген құл болмайды» атты тәрбиелік бағыттағы іс-шара өтті. Іс-шараға Бостандық аудандық ювеналдық полиция бөлімінің полиция майоры Молдабергенова Шынар Жақсылыққызы және полиция майоры Әлімбекова Әсел Мергенбайқызы қатысты.
Кездесудің мақсаты – студент жастар арасында құқықбұзушылықтың, қылмыстың және тәртіпсіздіктің алдын алу, заңға бағынушылық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру, сондай-ақ Ел қорғаны болған Бауыржан Момышұлының ұлағатты сөзін жастар санасына сіңіру болды. Шара барысында қонақтар студенттерге құқықтық мәдениеттің маңызы, қоғамдағы тәртіп пен заңның рөлі туралы жан-жақты мағлұмат берді. Сонымен қатар жастардың күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлердің алдын алу жолдары, әлеуметтік желідегі жауапкершілік және жеке қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Кездесу соңында студенттер қонақтарға көкейдегі сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шара өзара пікір алмасуға, жастардың азаматтық белсенділігі мен саналы тәртібін арттыруға ықпал етті.


Басқа жаңалықтар