Инновация – дамудың қозғаушы күшіFarabi University

Инновация – дамудың қозғаушы күші

17 қараша, 2025

Механика-матема­ти­ка факультеті Ма­те­ма­­тикалық және компью­терлік модель­деу кафедра­сы­ның 1-курс магистранты Екубжон Сайдуллаев педагогикалық тәжі­рибе аясында «Қол­дан­балы математика» мамандығының ПМ-25-1 топ студенттерімен «ТДМ 9: Индустрия­лан­дыру, инновация және инфрақұрылым» та­қы­ры­бында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа кафедра меңгеру­ші­сінің м.а. Сәуле Мау­сым­бекова және оқы­ту­шылар қатысып, сабақты бақылап, бағалады.

Ашық сабақ барысында ма­гистрант индустрия­лан­ды­ру­дың мемлекет пен қоғам өмі­ріндегі стратегиялық маңы­зы­на тоқталып, инновациялар мен заманауи инфрақұрылым­ның елдің экономикалық да­муы­на әсерін айқын дәлел­дер­мен көрсетті. Сонымен қатар әлем­дік деңгейде танымал Tesla және SpaceX секілді ком­паниялардан бастап, Қа­зақ­стандағы Kaspi.kz, Halyk банк, Homebank, Jusan Bank плат­фор­малары, сондай-ақ BilimLand және Daryn.online сияқты отандық білім беру сала­сын­дағы инновациялық жүйелер мы­салға алынды. Модер­низа­цияланған технологияларды да­мыту, жасанды интеллектіні қолдану, «ақылды қала» кон­цеп­­циясы, балама энергия көз­дері – сабақтың негізгі тал­қы­ланған бағыттары болды.

Магистрант студенттерді бел­сенді әрекетке тарту мақ­сатында топтық жұмыс ұйым­дастырып, «Сіздің қалаңыздың тұрақты дамуына көмектесетін қандай инновация ойлап табар едіңіз?» деген сұрақ арқылы шығармашылық ойлау, талдау және шешім қабылдау дағды­ла­рын дамытуға бағытталған тапсырма берді. Сабақ бары­сын­да студенттер кәсіби бағыт­тағы ойларын бөлісіп, бо­лашақ математикалық мо­дель­деуші маман ретінде тұ­рақ­ты даму элементтеріне қа­тыс­ты өз ұсыныстарын айтты.

Сабақ соңында өткізілген рефлексия кезеңінде ин­фра­құ­рылым, индустрияландыру және инновацияның Қазақстан дамуы үшін саяси-эконо­мика­лық, ғылыми-технологиялық ма­ңызы талданып, студенттер жаңа білімдер мен түсініктерін бөлісті.

Тұрақты даму – болашақ ұр­пақтың мүддесін сақтау ар­қылы бүгінгі күннің сұранысын қанағаттандыру жолы. Инно­ва­циялар мен индустриялық тех­нологияларды меңгерген ма­ман ғана елдің болашағына ық­пал ете алады. Білім ор­да­сын­да осындай заманауи ба­ғыттағы ашық сабақтардың өт­кізілуі  ойлау мәдениетін жаң­­ғыртып, жастарды ғылыми-тех­нологиялық дамуға бейім­дей­ді.

Лида САҒЫМБАЕВА,

Математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедрасы меңгерушісінің

оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары