Farabi University

«Эколог-құқықтанушы» студенттік ғылыми үйірмесі

«Эколог-құқықтанушы» студенттік ғылыми үйірмесі 2010 жылдан бастап кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында «Эколог-құқықтанушы» студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме табиғатты қорғау қызметіне, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына, түрлі экологиялық акцияларға қолдау көрсетеді, сондай-ақ студенттердің экологиялық дүниетанымын қалыптастыруға және экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

«Эколог-құқықтанушы» студенттік ғылыми үйірмесінің мақсаттары:

Студенттік ғылыми-зерттеу тобының негізгі мақсаты – экологиялық-құқықтық мәселелерді, сондай-ақ аграрлық қатынастарды құқықтық реттеу, табиғи ресурстар саласындағы заңнама мәселелерін зерделеу және студенттерде ғылыми-зерттеу жұмысына қажетті дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру.

Студенттік ғылыми үйірменің негізгі міндеттері:

  • қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару саласында білім, дағды және тәжірибе алмасу үшін студенттерді біріктіру;
  • студенттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлеуметтік белсенділігін арттыруға жәрдемдесу, оның ішінде волонтерлік және табиғатты қорғау қызметі арқылы;
  • ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу, студенттік зерттеулер жүргізу;
  • қоршаған ортаны қорғау саласында жарыстар мен олимпиадалар ұйымдастыру;
  • дөңгелек үстелдер, кездесулер, пікірталастар, шығармашылық кештер өткізу;
  • студенттік клубтардың қызметін әлеуметтік желілерде насихаттау;
  • білімді кеңейту қажеттігін, қоршаған ортаның жай-күйіне жауапкершілікті және оны қорғау жолындағы нақты әрекеттерге ұмтылысты қалыптастыру;
  • жаһандық экологиялық мәселелерді шешуде тұрақты даму қағидаттарына көшу;
  • экологиялық ұйымдармен бірлесіп қоғамдық маңызы бар іс-шаралар өткізу.

Үйірменің жұмыс формасы – экологиялық құқық, жер құқығы және табиғи ресурстар құқығының өзекті мәселелері бойынша баяндамалар (презентациялар қолдану арқылы) дайындау және талқылау.

Өткізілу мерзімділігі – ай сайын.

 

Эколог құқықтанушы студенттік ғылыми үйірмесінің 2025-2026 оқу жылына арналған жоспары

СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

Хаттама тізімі:

1 хаттама

2 хаттама

3 хаттама

4 хаттама

5 хаттама

6 хаттама