Astana Motors Manufacturing компаниясымен қосарлы оқыту бағдарламасы
2023-2024 оқу жылында «Деректер туралы ғылым» және «Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламаларының 6 студенті «Astana Motors Manufacturing» өндірістік кәсіпорнында тәжірибелік сабақтарды сәтті аяқтады. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының Astana Motors Manufacturing компаниясымен табысты ынтымақтастығы негізінде 2024-2025 оқу жылының күзгі семестрінде біріктірілген білім беру бағдарламасы енгізілуде. Осы бағдарлама аясында 4 курс студенттері кәсіпорында тәжірибеден өтеді.