Farabi University

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА: «ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛА» – ҚАРТТАР ҮЙІ АЙМАҒЫНДАҒЫ СЕНБІЛІК

Жобаның мақсаты:

Қарттар үйінің аумағында тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу арқылы қамқорлық, ізгілік және қоғам алдындағы жауапкершілікті насихаттау.

 

Міндеттері:

1. Қарттар үйінің аумағын тазалау, ағаш отырғызу, гүл егу, қоршауды бояу және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру.

2. Студенттер мен жастар арасында еріктілік мәдениетін қалыптастыру.

3. Қарттар жылы көңіл, қамқорлық және көңіл көтеру шараларын ұйымдастыру.

4. Қоғамда мейірім мен адамгершілік құндылықтарын дәріптеу.

 

Жобаның мәні мен маңызы:

Қарттар үйі тұрғындарына нақты көмек пен қуаныш сыйлау. Студенттердің әлеуметтік белсенділігін және бірлік рухын дамыту.

Университет пен қоғам арасындағы байланысты нығайту.

Қайырымдылық іс-шара арқылы жастардың тұлғалық дамуына ықпал ету.

 

Негізгі іс-шаралар жоспары:

 

Кезең

Іс-шара

Мерзімі

Нәтиже

1

Дайындық кезеңі: рұқсат алу, қажетті құралдарды (қолғап, қап, бояу т.б.) дайындау

1 апта       

Ұйымдастыру тобы құрылды             

2

Сенбілік өткізу: аумақты тазалау, көгалдандыру, қоршауларды сырлау

1 күн        

Тазаланған, әдемі аймақ              

3

Қарттар кездесулер: концерт, жылы сөздер, сыйлықтар 

Сенбілік күні

Позитивті эмоциялар, қамқорлық сезімі

4

«Жылулық сыйла» фото және бейне-есеп дайындау, әлеуметтік желіде жариялау     

Кейінгі апта

Жобаның кең таралуы және насихат

 

Қатысушылар

1. Университет студенттері (еріктілер клубы, жастар ұйымдары);

2. Оқытушылар мен куратор-эдвайзерлер;

3. Қарттар үйінің қызметкерлері.

 

Күтілетін нәтижелер:

- Қарттар үйінің аумағы көркейіп, тазартылған орта қалыптасады;

- Студенттер еріктілік, жанашырлық, жауапкершілік дағдыларын дамытады;

-  Қоғамда мейірім мен ізгілік құндылықтары нығаяды;

- Университеттің әлеуметтік беделі артады.

 

Жобаның әлеуметтік әсері:

- Қамқорлық пен сүйіспеншілік атмосферасын қалыптастыру;

- Әлеуметтік әлсіз топтарға нақты көмек көрсету;

- Студенттердің адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу;

- Қоғамға «жастар – мейірімділік үлгісі» деген ойды жеткізу.

 

Ұраны мен атауының нұсқалары:

«Жылулық сыйла – жүрек жылуын тарат!»

 «Бәрі де мейірімнен басталады!»

 «Жақсылық жасау – адамдықтың белгісі!»

 

Әлеуметтік жоба