Farabi University

"Тәжірибеден жобаға" атты студенттер мен жас ғалымдардың VI Халықаралық конференциясы

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2026 жылы 24 сәуірде Алматы қаласында (Қазақстан) өтетін студенттер мен жас ғалымдардың «Тәжірибеден — жобаға» атты VI Халықаралық конференциясына қатысуға шақырамыз.

Біздің жыл сайынғы конференциямыз — дарынды студенттердің, жас ғалымдар мен новаторлардың басын қосатын бірегей интеллектуалды алаң. Іс-шараның негізгі мақсаты — ғылыми жетістіктермен бөлісу, зерттеу тәжірибесімен алмасу және инновациялық идеяларды практикалық жобаларға ұштастыру. Конференция еркін ғылыми пікірталас, өзара ынтымақтастық және кәсіби өсу үшін қарқынды академиялық орта қалыптастырады.

Конференция аясында келесі секциялар жұмыс істейді:

  • Медицина және клиникалық зерттеулер;
  • Фармация және биомедициналық технологиялар;
  • Жаратылыстану ғылымдары және денсаулық сақтаудағы цифрлық шешімдер.

Қатысу нысандары:

  • Сырттай қатысу – тезистерді электронды жинақта жариялау;
  • Күндізгі қатысу – тезистерді жариялау және ауызша баяндама жасау.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, орыс.

Секция модераторларының байланыс деректері:

1. Медицина және клиникалық зерттеулер - Тарғынова Ақбота Тарғықызы, тел.: +77011508580, targynova.akbota@med-kaznu.com

2. Фармация және биомедициналық зерттеулер - Шерелхан Динара Күмісханқызы, тел.: +77085186525, sherelkhan.dinara2@med-kaznu.com

3. Жаратылыстану ғылымдары мен денсаулық сақтаудағы цифрлық шешімдер - Сырғабек Ерқанат Арқынұлы, тел.: +77781452838, syrgabek.yerkanat@med-kaznu.com.

Қатысу шарттары: тезистерді жариялау тегін. Ауызша баяндамамен қатысу және олимпиадаға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы қарастырылған (толық ақпаратты тиісті секция модераторларынан білуге болады). Өтінімдер мен тезистерді беру мерзімі - 2026 жылғы 15 сәуірге дейін.

 

Сонымен қатар, конференция барысында жоғары оқу орындары арасында медициналық бағыттағы 1–2 курс студенттері арасында «CLINICAL GAMES: ӨМІР КОДЫ» атты  олимпиада өтеді.