Farabi University
Референдум 15 марта

Біз темекі шегуге қарсымыз

Ішкі медицина кафедрасының аға оқытушысы Ибраева Асем Сериккановна кураторлық ЖМ 23-04 тобымен «Біз темекі өнімдерін шегуге қарсымыз» тақырыбында лекция-семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты — білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу. Семинар Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты — денсаулықты сақтау және әл-ауқатты арттыру бағыты аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында темекі өнімдерінің адам ағзасына тигізетін зияны, никотинге тәуелділіктің қалыптасуы, сондай-ақ электронды темекі мен вейптердің қауіптері туралы ғылыми негізделген ақпарат ұсынылды. Қатысушылар темекінің жеке адам денсаулығына ғана емес, қоғам мен қоршаған ортаға да кері әсерін талқылады.
Шара соңында білім алушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, темекі өнімдерінен бас тартуға шақырды.