Білім беру бағдарламасы
Жаңа білім объектілерін меңгеруге, сондай-ақ теориялық ядролық физика саласындағы жаңа білімді генерациялауға қабілетті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету, кәсіптік тілде ғылыми және өндірістік міндеттерді қалыптастыру және оларды қазіргі заманғы әдістер мен технологиялар көмегімен шешу; бейбітшілік, жақсылық пен әділдік идеяларына негізделген белсенді азаматтық ұстанымы бар;
Білім алушыларға теориялық ядролық физика саласында теориялық білімді және практикада зерттеу әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру, өз саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Ғылыми-зерттеу ұйымдары, жобалау - конструкторлық бюролар және ұқсас бейіндегі басқа да ұйымдар үшін кәсіби кадрлар даярлау; жоғары және орта-арнайы білім беру жүйесінің ұйымдарын педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету; жаратылыстану-ғылыми және техникалық бейіндегі ұйымдарды басқару кадрларымен қамтамасыз ету.
1. теорияялық ядролық физика саласында эксперименттер жүргізу, олардың нәтижелерін өңдеу және түсіндіру;
2. алынған эксперименталды мәліметтерді түсіндіру үшін заманауи физикалық теорияларды қолдану;
3. теориялық ядролық физика саласындағы құбылыстар мен процестерді теориялық сипаттау үшін тиімді компьютерлік технологияларды, бағдарламаларды, математикалық және сандық әдістерді қолдану;
4. бөлшектер теориясының математикалық аппаратын тиімді қолдану және сенімді сандық болжамдар алу;
5. алынған есептеулердің, жүргізілген зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін бағалау, жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша есеп құру;
6. бірлескен мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді іске асыру үшін нақты физикалық проблемалар бойынша ғылыми нәтижелерді негіздеу;
7. тыңдаушылар алдында өз білімін, іскерлігін және дағдыларын тиімді көрсету, түсінікті баяндау;
8. педагогикалық қызметте озық педагогикалық оқу-білім беру технологияларын қолдану;
9. оқыту нәтижелерін бағалау үшін заманауи технологияларды қолдану;
10. студенттерді оқытудың жемісті нәтижелерін алуға ықпал ету және ынталандыру;
11. қашықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін контент жасау;
12. өз мамандығына деген қызығушылық пен құрмет көрсету, жоғары біліктілікке жету, педагогикалық және ғылыми іс-әрекеттердің перспективаларын бағалау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер мыналар болып табылады:
1. АҚ «ҰҒЗТО» ҚР ҰҒА «Академик У.М. Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты»;
2. АҚ «ҰҒЗТО» ҚР ҰҒА В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты (АФИ);
3. АҚ «ҰҒЗТО» ҚР ҰҒА «Ионосфера институты» еншілес ЖШС;
4. ЕЖШС «Ғарыштық техника және технологиялар институты»;
5. КЕАҚ «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» Эксперименттік-теориялық физиканың ғылыми-зерттеу ғылыми-зерттеу факультеті (НИИ ЭТФ);
6. КЕАҚ «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» Ашық үлгідегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана;
7. ЖШС "Физика-техникалық институты";
8. "ҚазАтомӨнеркәсіп" ҰАК" АҚ;
9. РесАтом;
10. ҰЗЯУ «МИФИ;
11. Ресей ғылыми-зерттеу институттары;
12. Ресей ЖОО-ы;
13. Ядролық зерттеулердің біріккен институты.
Байланыс
Нурбакова Гулия Серикмухаметовна, БББ координаторы.
Алматы, 050040, аль-Фараби, 71.
Физика-техникалық факультеті, 315.
Теориялық және ядролық физика кафедрасы
Тел:+7 7077246780
Ж.т.: 8 (727)377 34 14.