Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D03203 – Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Касымбекова Назира Муратбековнаның «Әлеуметтік желілердегі инфономика және маркетинг: стратегиясы, әдістері мен құралдары (қазақтілді жарияланымдар бойынша)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. Диссертация Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің ЮНЕСКО журналистика және коммуникация кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ.
Ресми рецензенттер:
1. Рамазанова Жанар Сембековна – филология ғылымдарының кандидаты Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан).
2. Аширбекова Гулмира Шайтмаганбетовна – филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Баспасөз және баспа ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
1. Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы – филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
2. Мехмет Барыш Хорзум – Түркияның Сакарья университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD (Сакарья қ., Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы – филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнертану институтының директоры (Алматы қ. Қазақстан).
2. Сұлтан Ертай – PhD доктор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті КеАҚ Басқарма мүшесі – Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы)
3. Шурентаев Амангельды Мирамович – философия докторы (PhD), Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылғы 24 желтоқсанда сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D050400, 8D03201 – Журналистика, 8D03202 – Медиа және коммуникациялар, 8D03203 – Халықаралық журналистика» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Журналистика факультеті.
https://zoom.us/j/98745673669?pwd=g7WonZhuR8x5gT2TIIbxs8t0APMWTU.1
Идентификатор конференции: 987 4567 3669