Farabi University

Оралова Ақнұр Амангелдіқызы

19 ақпан 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02206-Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Оралова Ақнұр Амангелдіқызының «Батыр Қожаберген Жәнібекұлының өмірі мен әскери-дипломатиялық қызметі (1689–1785 жж.)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1.Исенов Өтеген Ихсанұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессорА. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті (Қостанай қ., Қазақстан). Мамандығы: «07.00.02 Отан тарихы (Қазақстан тарихы)»

2. Ғани Мұқашұлы Қарасаев тарих ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекет тарихы институты, (Астана қ., Қазақстан).  Мамандығы: «07.00.02 Отан тарихы (Қазақстан тарихы)»

Ғылыми кеңесшілер:

1.   Қабылдинов Зиябек Ермұқанұлы  тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас директоры (Алматы қ., Қазақстан).

2.   Әбдіуақап ҚараМимар Синан атындағы университеті профессоры (Түркия, Стамбул).

 Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Тепкеев Владимир Толтаевич тарих ғылымдарының докторы, Ресей Ғылым академиясының Қалмақ ғылыми орталығының Тарих бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері (Элиста қ., Ресей Федерациясы).

2. Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы  тарих ғылымдарының докторы, профессор«Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының» директоры (Атырау қ., Қазақстан).

3. Махаева Айткүл Шайымқұлқызы тарих ғылымдарының докторы, профессорАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылдың 19 ақпанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «8D02206, 6D020300 – Тарих; 8D02207-Музей ісі және ескерткіштерді қорғау; 8D02205, 6D020800 - Археология және этнология; 8D03206 - Кітапханалық ақпарттық жүйелер; 8D03205-Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте аралас форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/92161868626?pwd=3Nh8WUY1Gi3cm3yaGL4psIRenEhZae.1

Идентификатор: 921 6186 8626

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы