Farabi University

Көшербай Қуаныш Жомартұлы

21 маусым 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05202 – География» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Көшербай Қуаныш Жомартұлының «Алматы қаласының мысалында ГАЖ технологияларын қолдана отырып қала құрылысын ұйымдастыру және басқару» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында орындалды. Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Мұсабаев Тұрлыбек Түркпенұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемқалақұрылыскадастры» РМК) бас директоры. Мамандығы: 23.05.17 – «Құрылыс механикасы».
  2. Қарағұлова Роза Құрманәліқызы – география ғылымдарының кандидаты, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Географиялық ақпараттық жүйелер зертханасының меңгерушісі. Мамандығы: 25.00.25 – «Геоморфология және эволюциялық география».

 Ғылыми жетекшілер:

  1. Мусагалиева Айжан Ниазбековна – PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доцент м.а. (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Джозеф Штробл - Зальцбург университетінің профессоры, Dr.Sc., (Зальцбург, Австрия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Антипова Екатерина Анатольевна – география ғылымдарының докторы, Беларусь мемлекеттік университетінің профессоры (Минск қ., Беларусь);
  2. Савоскул Мария Сергеевна – география ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономикалық және әлеуметтік география кафедрасының меңгерушісі, доценті (Мәскеу қ., Ресей);
  3. Холина Вероника Николаевна - география ғылымдарының кандидаты, Ресей халықтар достығы университетінің аймақтық экономика және география кафедрасының меңгерушісі, доценті (Мәскеу қ., Ресей).
  4. Махрова Алла Георгиевна – география ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономикалық және әлеуметтік география кафедрасының доценті (Мәскеу қ., Ресей);
  5. Колдобская Наталья Андреевна – география ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономикалық және әлеуметтік география кафедрасының ғылыми қызметкері (Мәскеу, Ресей).

Қорғау 2024 жылдың 21 маусымында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ   «8D05202 (6D060900) – География», «8D05207 (6D060800) – Экология», «8D05203 (6D061000) – Гидрология», «8D07301 (6D071100) – Геодезия», «8D11101 (6D090200) – Туризм», «8D05204 - Метеорология»; «8D01503 – География»; «8D07302 - Геоинформатика» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті формат түрде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71/19, география және табиғатты пайдалану факультеті, №225 аудиториясы.

Сайт: https://farabi.university/science/dissertation-advice/16

e-mail: aizhan.mussagaliyeva@kaznu.edu.kz  

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/89470268774?pwd=SWZFbnNCd004dkRJMkdXUWE3SVFQQT09

Идентификатор конференции: 894 7026 8774

Жергілікті этикалық комиссия қортындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық