Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05108 - Геоботаника» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Алдибекова Алмагул Рахатовнаның ««Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі соғды шағанының (Fraxinus sogdiana Bunge) экология-биологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының базасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Айдарбаева Докторхан Кайсарбековна - биология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ жаратылыстану және география факультетінің биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры. (Алматы, Қазақстан). Мамандығы 03.00.05-Ботаника,
2. Утарбаева Нурлыгул Асылбековна - PhD, ЖОО «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті», биология кафедрасының аға оқытушысы (Ақтөбе қ., Қазақстан); Мамандығы 6D011300-Биология.
Ғылыми жетекшілер:
1. Ғылыми кеңесші: Курманбаева Меруерт Сакеновна – биология ғылымдарының докторы, профессор, Биология және биотехнология факультетінің деканы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, (Алматы қ., Казақстан);
2. Ахмет Аксой – PhD, доктор, профессор, Акдениз университеті (Анталья, Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Айдарханова Гульнар Сабитовна – биология ғылымдарының докторы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Өсімдіктерді қорғау және карантин кафедрасының қауымдастырылған профессоры. (Астана қ., Қазақстан).
2. Оспанова Айнагүл Кенжешқызы, биология ғылымдарының кандидаты, профессор, Павлодар педагогикалық университетінің «Коммерцияландыру және кәсіпкерлік» кафедрасының меңгерушісі (Павлодар, Қазақстан).
3. Мендыбаев Ерболат Хамзинович - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан).
4. Саметова Эльмира Сайлаухановна - ҚР ЭБЖМ ҚХЖМ "Ботаника және фитоинтродукция институты" ШЖҚ РМК бас ғылыми хатшысы, Микология және альгология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, , б.ғ. к., (Алматы қ., Қазақстан).
5. Абилова Шолпан Бейсембаевна – PhD, Астана Халықаралық университетінің жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің аға оқытушысы, (Астана қ., Қазақстан).
6. Абдураимов Озодбек Султонкулович - PhD, Ботаника Институты, Өзбекстан Республикасының Ғылым Академиясы (Ташкент қ., Өзбекстан).
Қорғау 2024 жылы 26 маусымда сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D05102 – Биомедицина», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өндірістік балық аулау» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесінде офлайн/онлайн түрде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу: https://us02web.zoom.us/j/88924087743?pwd=4Nhb4gGgle7rXKSj1MTvFXanBRIqQV.1
Идентификатор: 889 2408 7743