Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D061300-Геоботаника» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Айтжан Меңтай Улдаханқызының «Алматы облысындағы бұрынғы пестицидтерді сақтау қоймаларының фитоценоз жағдайын бағалау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Мырзагалиева Анар Базаровна – биология ғылымдарының докторы, Astana International University Бірінші вице-президенті (Астана қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығы: 03.00.05 – Ботаника.
2. Иманбаева Ақжүніс Алтаевна – биология ғылымдарының кандидаты, Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағының бас директоры (Ақтау қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығы: 03.00.05 – Ботаника.
Ғылыми жетекшілері:
1. Инелова Зарина Аркенжановна – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
2. Борос Эмиль Эндре – PhD, аға ғылыми қызметкер, су ресурстарын қалпына келтіру экологиясы және жануарларды зерттеу тобының меңгерушісі, Су Экологиясы Институты, Экологиялық Зерттеулер Орталығы (Будапешт қ., Венгрия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Ишмуратова Маргарита Юлаевна – биология ғылымдарының кандидаты, зерттеуші-профессор, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
2. Данилова Алевтина Николаевна – биология ғылымдарының кандидаты, "Алтай ботаникалық бағы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші ғылыми қызметкері (Риддер қ., Қазақстан Республикасы).
3. Гаффоров Юсуфжон Шерматович – биология ғылымдарының кандидаты, Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы, ботаника институтының аға ғылыми қызметкері (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы).
Қорғау 2024 жылы 26 желтоқсан сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтар/білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде офлайн/онлайн түрде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/95858822020?pwd=o3ecvEnfvbf9yhB9oIfPR5Zpa887qJ.1
Конференция идентификаторы: 958 5882 2020