Farabi University

Запарина Елена Геннадьевна

14 ақпан 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05108-Геоботаника» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Запарина Елена Геннадьевнаның «Алматы облысындағы тұзды және содалы көлдерінің жоғары сатыдағы су және жағалау-су өсімдіктерінің биоалуатүрлілігін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Димеева Лилия Аминовна – биология ғылымдарының докторы, геоботаника зертханасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ботаника және фитоинтродукция институты" (Алматы қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығы: 03.00.05 – Ботаника.

2. Жаманғара Айжан Қашағанқызы – биология ғылымдарының кандидаты, жаратылыстану ғылымдары мектебінің профессор м.а., Astana International University,  (Астана қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығы: 03.00.05 – Ботаника.

Ғылыми жетекшілері:

1. Инелова Зарина Аркенжановна – биология ғылымдарының кандидаты, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);

2. Борос Эмиль Эндре – PhD, аға ғылыми қызметкер, су ресурстарын қалпына келтіру экологиясы және жануарларды зерттеу тобының меңгерушісі, Су Экологиясы Институты, Экологиялық Зерттеулер Орталығы (Будапешт қ., Венгрия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Сырлыбекқызы Самал – PhD, «Экология және геология» кафедрасының профессоры, Yessenov University  (Ақтау қ., Қазақстан Республикасы).

2. Тоқтар Мұрат – PhD, Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).

3. Каримов Бахтиёр Курамбоевич – биология ғылымдарының докторы, профессор "Ташкент суару және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты" Ұлттық Зерттеу университеті (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы).

Қорғау 2025 жылы 14 ақпан сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтар/білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде офлайн/онлайн түрде өтеді.

 

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/97132642841?pwd=H64aZiHUI2TLtz2lkdvCvIuHHpow5A.1

Идентификатор конференции: 971 3264 2841

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық