Farabi University

Ильясова Назгул Бултириковна

24 ақпан 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D020500 – Филология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ильясова Назгул Бултириковнаның «Һибат-ул хақайиқ» ескерткішінің (ХІІ ғасыр) лингвотекстологиясы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

 

Ресми рецензенттер:

  1. Бегимова Гулжанат Абдрахмановна – филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті (Астана қ., Қазақстан)
  2. Сейітбекова Айнұр Аташбекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл тарихы және түркітану бөлімінің меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан)

    Ғылыми жетекшілер:

  1. Кулжанова Бахытгул Райхановна – филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Түймебаев Жансеит Кансеитович – филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
  3. Гурер Гулсевин – доктор, Эге университетінің профессоры (Измир қ., Түркия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Мамырбек Гүлфар Мәжитқызы – филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан);

2. Адилов Марлен Ерланович – PhD, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);

3. Алкая Ержан доктор, Фырат университетінің профессоры (Элязыг, Түркия)

Қорғау 2025 жылдың 24 ақпанында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  «6D011800, 8D01704 Орыс тілі мен әдебиеті», «8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті», «6D020500 – Филология», «8D02308 – Орыс филологиясы», «6D021400, 8D02304 – Әдебиеттану», «8D02307 – Қазақ филологиясы» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/93121138384?pwd=MzSiODPIHKtIh9G7RBqTAHlRCekh7R.1

Идентификатор: 931 2113 8384

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық