Farabi University

Есенова Мақпал Әбунасырқызы

12 наурыз 2025

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05102 – Биомедицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Есенова Мақпал Әбунасырқызы «Құрсақ қуысының қабынуы кезіндегі лимфа жүйесінің қызметі және лимфа тамырларының жиырылу белсенділігі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді. 

Диссертация ҚР ҒЖБМ ҒК «Генетика және физиология  институтының» Лимфа жүйелері физиологиясы зертханасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Жумадина Шолпан Молдажановна – биология ғылымдарының докторы, профессор м.а., С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: «03.00.13 – физиология».

2. Ильдербаев Оралбек Зайнулданович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: «03.00.13 – физиология», «03.00.20 – гельминтология».

 Ғылыми жетекшілер:

  1. Атанбаева Гулшат Капалбаевна  – биология ғылымдарының кандидаты,  қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан).
  2. Горчаков Владимир Николаевич – медицина ғылымдарының докторы, Новосибирск мемлекеттік университеті, Зельман атындағы Медицина психология институты, Іргелі медицина кафедрасының профессоры (Новосибирск қ., Ресей).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Ибадуллаева Салтанат Жарылкасыновна – биология ғылымдарының докторы, профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда қ., Қазақстан);
  2. Абдолла Нұршат – PhD,  қауымдастырылған профессор, ҚР ҒЖБМ ҒК М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Казақстан);
  3. Лыков Александр Петрович - медицина ғылымдарының докторы, РҒА СБ Цитология және генетика институтының филиалы – Клиникалық және эксперименталды лимфология институты, Жасушалық технологиялар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері (Новосибирск қ., Ресей).

Қорғау 2025 жылы 12 наурызда сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтары / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) форматта, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71 мекен-жайында, биология және биотехнология факультетінде, № 214 аудиторияда өтеді.

 

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/96345727331?pwd=v01yuakDGXeuv3qSdFC9ufqdUhwF5u.1

Конференция идентификаторы: 963 4572 7331

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы