Farabi University

Кусмолдаева Жазира Нурасыловна

18 наурыз 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D051700 – Инновациялық менеджмент»  білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Кусмолдаева Жазира Нурасыловнаның «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы инновациялық қызметті тиімді басқару» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.  

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Менеджмент» кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Букатов Ерик Берикович – PhD докторы, доцент, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті (Қарағанды қ., Қазақстан). Мамандығы «6D051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару».
  2. Оразгалиева Элмайра Болатбековна – PhD докторы, Almaty Management University (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы «6D051100 - Маркетинг». 

Ғылыми жетекшілер:

1. Спанов Магбат Уарысбекович – экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес Жоғары мектебі, Менеджмент кафедрасының  профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

2. Бессант Джон – PhD докторы,   Эксетер инновация университетінің құрметті профессоры,  (Эксетер қаласы, Ұлыбритания).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Волкова Ольга Александровна – әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, Демографиялық зерттеулер институты – Ресей ғылым академиясының Федералдық ғылыми-зерттеу әлеуметтану орталығының жеке бөлімшесінің бас ғылыми қызметкері (Барнаул қ., Ресей Федерациясы);

2. Мухияева Динара Мухтаржановна – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Менеджмент кафедрасының доценті, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ (Астана қ., Қазақстан);

3. Сатпаева Зайра Тулегеновна – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институтының бөлім меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан);

Қорғау 2025 жылдың 18-ші наурызында, сағат 15:00-де (Алматы уақыты бойынша, сілтеме төменде келтірілген) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебі, 201 аудиторияда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жанынан құрылған «8D041-Бизнес және басқару» мамандарын даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) форматта өтеді.

 

Zoom конференциясынақосылу:

https://zoom.us/j/92208349956?pwd=WCGq8VH6sB4tqsBgPsOZJm2WEQZxgY.1

Идентификаторы: 922 0834 9956

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы