Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D020100 – Философия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Дусипова Айсана Сагинбаевнаның «Қазіргі қазақстандық жастар руханилығының қалыптасуын философиялық талдау: проблемалары мен перспективалары» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті философия кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Кусаинов Дауренбек Умирбекович – философия ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 09.00.13 – Дінтану, философиялық антропология және мәдениет философиясы.
- Джекебаева Мақпал Абиловна – философия ғылымдарының кандидаты, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 09.00.11 – Әлеуметтік философия.
Ғылыми жетекшілер:
- Рамазанова Алия Хайруллаевна – философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
- Питеер Мурсеп –Таллин технологиялық университетінің профессоры (Таллин қ., Эстония).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1.Наурзбаева Альмира Бекетовна – философия ғылымдарының докторы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
2. Қабул Оралбай Құрманбайұлы – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан).
3. Ержанова Айдана Женісқызы – философия докторы (PhD), Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылдың 25 сәуір сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасы 303 аудиторияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020600, 8D02203 – Дінтану», «6D021500, 8D02204 – Исламтану», «6D020400, 8D03102– Мәдениеттану», «6D020100, 8D02202 – Философия», «8D02201 – Саяси философия» мамандықтар/білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн/офлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/97078045801?pwd=oddCaOR45cNtmfW9H1GLeHt9Z1krLM.1
Идентификатор: 970 7804 5801