«6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Калмурзаев Болат Аюбаевичтің «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік жүйесі аясында діни экстремизмге қарсы мемлекеттік-құқықтық іс-әрекет мәселелері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің экономика, бизнес және құқық факультетінің құқықтану кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ.
Ресми рецензенттер:
- Ибраева Алуа Саламатовна – заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
- Мукашев Ахат Габбасович – з.ғ.д., профессор Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің академиясының басшысы (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
- Битемиров Қайрат Тұрлыбаевич – заң ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессор (Шымкент қ., Қазақстан);
- Өмер Өзкан – философия докторы (PhD), Yalova университетінің заң факультетінің профессоры (Стамбул қ., Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Муратова Алуа Жасланқызы – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің заң факультетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан);
- Раздыкова Гульназ Мақсутовна – тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры (Павлодар қ., Қазақстан);
- Афанасьева Ольга Романовна – заң ғылымдарының докторы, О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университетінің қауымдастырылған профессоры (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылдың 26 сәуірінде сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203-Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және оффлайн) мекен-жайы бойынша: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, № 413 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/91354980945?pwd=vW3MPHBGh8Z6j9WX4OHgzGH8TAtmBt.1
Конференция идентификаторы: 913 5498 0945