Farabi University

Ыдырышбаева Мөлдір Базарханқызы

19 маусым 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ыдырышбаева Мөлдір Базарханқызының «Белгілер мен анықталған ауытқулар туралы әлсіз құрылымдалған деректер жағдайында кибершабуылдардың салдарын бағалау үшін ШҚҚЖ (шешім қабылдауды қолдау жүйесі) әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Бердібаев Рәт Шындалыұлы – Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің саяси ғылымдар кандидаты, «Киберқауіпсіздік» кафедрасының доценті, «Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері» ғылыми-техникалық орталығының басшысы (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Сатыбалдина Дина Жагипаровна – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ақпараттық қауіпсіздік және криптология» ҒЗИ директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (Астана қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілер:

1. Ахметов Бахытжан Сражатдинович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

2. Лахно Валерий Анатольевич – техника ғылымдарының докторы, профессор,  Ұлттық табиғатты және биоресурстарды пайдалану университеті (Киев қ., Украина).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Бегимбаева Енлик Ериковна – Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «Киберқауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Алгазы Кунболат Тилеуханулы – ҚР БҒМ ҒК «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының» бас ғылыми қызметкері, phd докторы (Алматы қ., Қазақстан);
  1. Иванченко Евгения Викторовна – техника ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік ақпараттық-коммуникациялық технологиялар университетінің «Киберқауіпсіздік және ақпаратты қорғау» оқу-ғылыми институтының директоры (Киев қ., Украина).

Қорғау 2025 жылдың 19 маусымы сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  «8D06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/98732580333?pwd=dJb2ssnMMNYMsa0mtPNrjNW4Pj0eds.1 

Идентификатор: 987 3258 0333

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы