Farabi University

Имангалиева Асел Аскаровна

26 маусым 2025

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 6D110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Имангалиева Асел Аскаровнаның «Құлақтың туа біткен ақаулары бар балаларға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдірудің ғылыми негізделген тәсілдері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертация «ҚДСЖМ» Қазақстан медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылымдар кафедрасында орындалған.

Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Таукелева Сауле Айдаратовна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру отоларингология курсының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).

Мамандығы: 14.01.03 – «Құлақ, тамақ және мұрын аурулары»

2. Бекпан Алмат Жаксылыкович – медицина ғылымдарының кандидаты, «University Medical Center» корпоративтік қорының «Бас-мойын» бөлімінің меңгерушісі, отоларингология резидентурасының басшысы (Астана қ., Қазақстан).

Мамандығы: 14.00.50 – «Еңбек медицинасы»

Ғылыми жетекшілер:

  1. Слажнева Татьяна Ивановна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының жұқпалы емес аурулардың алдын алу департаментінің жұқпалы емес аурулардың алдын алу бөлімінің бас маманы (Алматы қ., Қазақстан).
  2. Медеулова Айгүл Рахманалиевна – PhD. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің оториноларингология кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).
  3. Милешина Нейля Адельшиновна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федеральды Медико-Биологиялық агенттігі аудиология және есту қабілетін протездеу ғылыми-клиникалық орталығының есту қабілеті бұзулыстарын алдын алу және түзету бөлімінің жетекшісі, Ресей үздіксіз мамандандырылған білім беру медициналық академиясының сурдология кафедрасының профессоры (Мәскеу қ., Ресей).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Диаб Хассан Мохамад Али – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федералдық медициналық-биологиялық агенттігінің ұлттық отоларингология медициналық ғылыми-зерттеу орталығының құлақ және бас-сүйек негізі патологиялары ғылыми-клиникалық бөлімінің жетекшісі (Мәскеу қ., Ресей).
  2. Профант Милан – медицина ғылымдарының докторы, Братислава университеттік ауруханасының оториноларингология, бас және мойын хирургиясы кафедрасының профессоры (Братислава қ., Словакия).
  3. Газалиева Меруерт Арстановна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Астана медицина университетінің клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2025 жылдың 26 маусымында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан ашылған «8D10101 (6D110200) – Қоғамдық денсаулық сақтау», «8D10102 (6D110100) – Медицина», «8D10104 (6D110400) – Фармация», «8D10103- Мейіргерлік іс» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде офлайн/онлайн түрде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71, биология және биотехнология факультеті, №214 аудитория.

Подключение к конференции Zoom:

https://zoom.us/j/93591671534?pwd=hlh7F9fozJzdAbSWZqUtncLaeVLON9.1

Идентификатор конференции: 935 9167 1534

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы