Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05202 - География» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Кенеспаева Лаура Байырбеккызының «Алматы қаласының қалалық орта сапасының аумақтық дифференциациясын бағалау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .
Қорғау тілі - орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
- Махрова Алла Георгиевна – география ғылымдарының кандидаты, доцент, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің география факультеті жанындағы Ресейдің экономикалық және әлеуметтік географиясы кафедрасының жетекші ғылыми қызметкері. Мамандығы: «11.00.02 - Экономикалық, әлеуметтік және саяси география» (Мәскеу қ., Ресей).
- Берденов Жарас Ғалымжанұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану факультетінің деканы. Мамандығы: «6D060900–География» (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми жетекшілер:
- Нюсупова Гульнара Нурмухамедовна – география ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
- Изольде Браде – жаратылыстану ғылымдарының докторы, профессор, Лейпциг қаласындағы Аймақтық география институтының аға ғылыми қызметкері (Лейпциг, Германия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Кириллов Павел Линардович – география ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің география факультеті Ресейдің экономикалық және әлеуметтік географиясы кафедрасының доценті (Мәскеу, Ресей);
- Алов Иван Николаевич – география ғылымдарының кандидаты, А.А. Высоковский атындағы Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебі» қалалық және аймақтық даму факультетінің доценті (Мәскеу, Ресей);
- Мұздыбаева Қарлығаш Каманаевна – география ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жаратылыстану және география факультеті география және экология кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Қорғау 2025 жылдың 27 маусым күні сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «8D07304 – Жерге орналастыру», «8D07302 – Геоинформатика», «8D07303 – Картография», «8D11101 (6D090200) – Туризм», «8D01503-География», «8D05202 (6D060900) – География»; «8D05207 (6D060800) – Экология» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті формат түрде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/19, география және табиғатты пайдалану факультеті, №225 аудиториясы.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/91003861479?pwd=PSV16b9Ra3r7R5uIRBSkAdNKfmC6a1.1
Конференция идентификаторы: 910 0386 1479