Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Дюсенов Багдат Данияровичтің «Мәмлүктер кезеңіндегі жазба ескерткіштер – тілдік-мәдени дереккөз («ад-Дурра әл-мудийа» және «аш-Шузур аз-захабийа» материалдары негізінде)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Сүйерқұл Ботагөз Мырзабайқызы – филология ғылымдарының докторы, Халықаралық білім беру корпорациясының профессоры. Мамандығы: 10.02.06. – түркі тілдері (Алматы қ., Қазақстан).
- Кыдыр Төрәлі Еділбайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, ҚМДБ жанында Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры. Мамандығы: 10.01.02 - қазақ әдебиеті (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
- Муминов Аширбек Курбанович – тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҒЖБМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
- Нуриева Фануза Шакуровна – филология ғылымдарының докторы, Қазан (Приволжский) федералдық университетінің Филология және мәдениетаралық коммуникациялар институтының профессоры, (Қазан қ., Татарстан).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Бабаджанов Бахтияр Мираимович - тарих ғылымдарының докторы, профессор. Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Археология ұлттық орталығының жетекші ғылыми қызметкері (Ташкент қ., Өзбекстан).
- Сабитов Жаксылык Муратович – философия докторы (PhD), доцент. ҚР ҒЖБМ ҒК Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми инстиутының директоры (Астана қ., Қазақстан).
- Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы – философия докторы (PhD), доцент (м.а.). «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Ғылым және инновация департаментінің директоры (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылдың 2 шілдесінде сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020900, 8D02209 – Шығыстану» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта, келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050012, Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 95, Шығыстану факультеті.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/97125599759?pwd=RqdYZbOVcDaYTrq56qA0nbC272mO7a.1
Идентификатор конференции: 971 2559 9759