Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02204-Исламтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Құрманбек Ақайдар Анарғалиұлының «XIX-XX ғасырлардағы мұсылман ойшылдарының сопылық дүниетанымы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Абжалов Султанмурат Утешович – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті, Теология факультетінің деканы Мамандығы: 09.00.13 – Дінтану, философиялық антропология, мәдениет философиясы (Түркістан қ., Қазақстан);
- Рыскиева Айымжан Абуовна – философия ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, дінтану кафедрасының меңгерушісі. Мамандығы: 09.00.13 – Дінтану, философиялық антропология және мәдениет философиясы (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
- Жамашев Азамат Шутбаевич – философия докторы (PhD), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
- Мохд Рослан Бин Мохд Нор – философия докторы (PhD), Малайя университеті, Исламтану академиясының Ислам тарихы және өркениеті кафедрасының профессоры (Куала-Лумпур қ., Малайзия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Сейтахметова Наталья Львовна – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒЖБМ Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
2. Смагулов Мурат Нурмухамбетович – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан);
3. Кабиденова Жулдыз Дюсенбаевна – философия докторы (PhD), «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі (Павлодар қ., Қазақстан);
Қорғау 2025 жылдың 27 маусымында сағат 10:00-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасы 303 аудиторияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020600, 8D02203 – Дінтану», «6D021500, 8D02204 – Исламтану», «6D020400, 8D03102 – Мәдениеттану», «6D020100, 8D02202 – Философия», «8D02201 – Саяси философия» мамандықтар / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн/офлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/88450601181?pwd=M4XHANfuABuw7pBYUHqa3EKASL1fT4.1
Идентификаторы: 884 5060 1181