әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05102 – Биомедицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Дүйсенбек Аяулы Ағабекқызының «2-типті қант диабетіндегі қабыну және тамыр жүйесінің күйімен байланысты плазмалық микроРНҚ рөлін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертация халықаралық жоба бойынша (Grant for the Research Project by the Fundación Eugenio Rodríguez Pascual, Call 2021, CIBERfes (CB16-10-00238, ISCIII) Гранада университеті, Биомедицина зерттеу орталығының «Жасушааралық байланыc CTS-101» зертханасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттері:
1. Калекешов Аскар Маралович – биология ғылымдарының кандидаты, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің «Генетика және физиология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК бас директоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: «03.00.13 - Физиология».
2. Белғожаев Аяз – PhD, қауымдастырылған профессор м.а., Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: «6D060700 - Биология».
Ғылыми жетекшілері:
- Аблайханова Нұржанят Татухановна – биология ғылымдарының кандидаты, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
- Rusanova Iryna – PhD, профессор Гранада университеті (Гранада қ., Испания).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Ильдербаева Гульжан Оралбековна – PhD, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан).
- Акильжанова Айнур Рахметуловна – Медицина ғылымдарының докторы, M.D, PhD, профессор, Назарбаев Университеті, «National Laboratory Astana» Өмір туралы ғылымдар орталығының жетекшісі (Астана қ., Казақстан).
- Запарина Оксана - биология ғылымдарының кандидаты, Ресей Ғылым академиясының Цитология және генетика институты, Патологиялық үдерістердің молекулалық механизмдері зертханасының кіші ғылыми қызметкері (Новосибирск қ., Ресей).
Қорғау 2025 жылы 26 қыркүйек сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтары / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) форматта, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71 мекен-жайында, биология және биотехнология факультетінде, № 214 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/97163249987?pwd=rmmwQSUMtpghBEdrA6MSzzJpxBfDzy.1
Конференция идентификаторы: 971 6324 9987