Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D010300 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Примбетова Айгуль Имангалиевнаның «Болашақ педагогтардың экологиялық білімін педагогикалық-психологиялық пәндерді оқыту үрдісінде дамыту» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Чилдибаев Джумадил Байдилдаевич – педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан,). Мамандығы: 13.00.01- Жалпы педагогика;
2. Жапарова Баглан Магауовна - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті «Педагогика жоғары мектебі» факультететінің деканы, (Павлодар қ., Қазақстан,) Мамандығы: 13.00.01- Жалпы педагогика.
Ғылыми жетекшілер:
1. Майгельдиева Шарбан Мусабековна – педагогика ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Педагогика және дәстүрлі өнер институтының профессоры (Қызылорда қ., Қазақстан);
2. Каргапольцева Наталья Александровна –педагогика ғылымдарының докторы, Орынбор мемлекеттік университеті жалпы және кәсіби педагогика кафедрасының профессоры, (Орынбор қ., Ресей)
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Темиров Куаныш Умирзакович – педагогика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Педагогика кафедрасының аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан).
- Кусаинов Габит Муканаевич – педагогика ғылымдарының кандидаты, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық академиясысының «Дидактикалық лаборатория» жетекші ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан).
- Шеститко Ирина Владимировна – педагогика ғылымдарының кандидаты, М. Танка атындағы Белоруссия мемлекеттік педагогикалық университеті «Менеджмент және білім беру технологиялары» кафедрасының доценті (Минск қ., Белоруссия)
Қорғау 2025 жылдың 31 қазан күні сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің 123 аудиториясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған 6D050100, 8D03101 – Әлеуметтану; 6D050200, 8D03104 – Саясаттану; 6D090500, 8D11401 – Әлеуметтік жұмыс, 6D012300, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, 6D050300, 8D03107 – Психология, 6D010300, 8D01101 – Педагогика және психология, 8D03103 – Конфликтология мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/94976088552?pwd=TUae3Ti6Fmqhb66C63mgOxITqC37zr.1
Конференция идентификаторы: 949 7608 8552
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы