Цифрлық және интеллектуалды шеберхана заманауи өнеркәсіптік роботтармен, оқу кешендерімен және цифрлық зауытпен жабдықталған. Мұнда студенттер мехатроника, машиналық көру, бағдарламалау және интеллектуалды жүйелерді басқаруды үйренеді. Бұл жерде деректерді талдаудан және модельдеуден бастап өнеркәсіп, білім және ғылым салаларына арналған роботтандырылған шешімдерді әзірлеуге жасанды интеллектіні тәжірибе жүзінде меңгеруге жағдай жасалған.



Халықаралық институттың мақсаты — цифрлық технологиялар, робототехника және интеллектуалды жүйелер саласында мамандарды даярлауға арналған заманауи білім беру және ғылыми-зерттеу платформасын құру. Халықаралық институт оқу үдерісін қолдауға, ғылыми зерттеулер мен қолданбалы жобаларды жүзеге асыруға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ студенттер мен жас ғалымдардың инновациялық және кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға бағытталған.

Жаңаберген Дамир - «Цифрлық технологиялар және робототехника» Халықаралық институты директор орынбасары, + 7 707 667 6977.

Байгунчеков Жумадил - «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институтының бас ғылыми қызметкері, +7 777 225 5647

Сүндетов Талғат - «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институтының аға ғылыми қызметкері, +7 747 246 8325

Аманов Бекзат - «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институтының аға ғылыми қызметкері , +7 708 899 7007